2026 жылғы оқу жылының қорытындысы бойынша ауданның білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктері, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері және жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру грантына түсу көрсеткіштері бойынша бірқатар оң нәтижелер қалыптасты.
Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарынан 2102 түлек аяқтады, оның 1808-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.
ҰБТ нәтижелері
2024–2026 жылдардағы ҰБТ нәтижелеріне жүргізілген талдау бойынша 2026 жылы орташа балл 69,2 болды. Бұл 2025 жылғы 65,5 баллмен салыстырғанда 3,7 балға жоғары.
Жылдар бойынша орташа көрсеткіш:
- 2024 жыл – 70,2 балл;
- 2025 жыл – 65,5 балл;
- 2026 жыл – 69,2 балл.
Шығармашылық емтихан тапсырған түлектредің ұпайымен қосқанда 2026 жылғы орташа көрсеткіш 72 балды құрады. 2025 жылы бұл көрсеткіш 69,4 балл болған.
«Алтын белгі» иегерлері артты
Оқу жетістіктерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – «Алтын белгі» иегерлерінің саны.
2024 жылы 33, 2025 жылы 52, ал 2026 жылы 83 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
Осылайша, 2026 жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 31 оқушыға артты.
Мемлекеттік грантқа түсу көрсеткіші
Жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру грантымен түскен түлектер саны бойынша да оң динамика байқалады.
2024 жылы – 704 түлек,
2025 жылы – 706 түлек,
2026 жылы – 838 түлек мемлекеттік грант иегері атанды.
2026 жылғы нәтиже 2025 жылмен салыстырғанда 132 грантқа немесе 18,7 пайызға артты. Жалпы грантқа түсу үлесі 46,3 пайызды құрады.
Сонымен қатар грант алған 838 түлектің 262-і нысаналы грантқа ие болды.
Нәтиже – жүйелі жұмыстың көрсеткіші
Жалпы, 2026 жылғы көрсеткіштер білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру, ҰБТ-ға сапалы дайындық жүргізу, дарынды оқушыларды қолдау және түлектерді жоғары оқу орындарына бағыттау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Алдағы уақытта білім сапасын арттыру, ҰБТ нәтижелерін тұрақты жақсарту, «Алтын белгі» иегерлерінің санын көбейту және мемлекеттік білім беру грантына түсетін түлектер үлесін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Білім саласындағы басты мақсат – әрбір оқушыға сапалы білім беріп, оның қабілеті мен қызығушылығына сәйкес болашақ мамандығын дұрыс таңдауына және жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік жасау.



