Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы

dir

Батырбек Демократұлы

15.01.1979 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында туған.
Білімі: Жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген
1997 – 2001жыл «Кәсіби жоғары білімді тарихшы, Тарих оқытушысы»
2016 – 2018 жыл Алматы Менеджмент Университеті. «Іскерлік әкімшілік» Магистрі Жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.
Жалпы еңбек өтілі 19 жыл, педагогикалық өтілі 19 жыл.

Алғашқы еңбек жолын 2001 – 2002 жылдары «Бейнеу лицейі» ММ-нің тарих пәнінің мұғалімінен бастап,
2002 – 2003 жылдары «Бейнеу лицейі» ММ-нің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,
2003 – 2004 жылдары Бейнеу педагогикалық технология орталығы МКҚК директорының орынбасары,
2004 жыл Бейнеу аудандық білім бөлімінің маманы,
2004 – 2008 жылдары Абай атындағы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі,
2008 жыл Бейнеу аудандық білім беру бөлімі бастығының орынбасары,
2008-2014 жылдары «Атамекен орта мектебі» ММ – нің директоры,
2014 – 2016 жылдары «Бейнеу лицейі» ММ директоры,
2016 – 2018 жылдары «Бейнеу орта мектебі» КММ – нің директоры.
2018 жылдың 18 мамырынан бастап Бейнеу аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс нәтижесінде тағайындау туралы қорытындысы бойынша 2020 жылдың 19 қазанындағы №73жқ бұйырығына сәйкес, «Мұнайлы аудандық білім бөлімі» ММ-нің басшысы қызметіне тағайындалды.

Жетістіктері:
2011 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы;
2012 жылы Маңғыстау облыстық «НұрОтан» ХДП Құрмет грамотасы
2014 жылы «ҚазақстанҰстазы» республикалық аккредитациялық кеңесінің кеуде белгісі.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты
2017 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы
2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
2018 жылы Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
2018 жылы «Бейнеу ауданына 45 жыл» төсбелгісі
2020 жылы Бейнеу ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.