Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

Мұнайлы аудандық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017жылғы 27 шілдедегі №355 «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңестің қайта құрылуы туралы хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына: Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдерін шақырамыз.

Құрметті Мұнайлы ауданының тұрғындары, біз Сізден Қамқоршылық  Кеңесінің құрамы туралы ұсыныстарыңызды күтеміз.

Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін 10(он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Мектеп директоры м.а.  М.Қ.Ташов 

Байланыс номері: 8777-291-19-75,

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  және төмендегі тізімдегі білім беру ұйымының мекен-жайы мен телефонына хабарласуыңызға болады.

Мекеме атауы

Басшысының
аты- жөні

Электронды поштасы

Байланыс номері

2

Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№16 жалпы білім беретін мектеп" КММ

Ташов Мади Қалашұлы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

87772911975                         


Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің қамқоршылық кеңес туралы ақпарат

2021-2022 оқу жылы «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес комиссия отырысында ҚР БҒМ 27.07.2017ж. №355 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырылды. Мұнайлы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты бөлінген қаржының игерілуі жөнінде қамқоршылық кеңестің төрағалары мен мүшелері және мектеп қызметкерлері мен есеп беру жиналысын өткізеді. Жоспар бойынша отырыстың хаттамалары жазылып, сайтқа орналастырылып отыр. Аудандық ББ-нің интернет ресурсына қамқоршылық кеңес құру туралы хабарландыруды жариялаған соң білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілді. Қамқоршылық кеңесінің төрайымдары құрылып әрі қараай жұмыстары жүргізілді. 2021-2022оқу жылының жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бір реттік материалдық көмекке мұқтаж отбасылардың құжаттарын қарастыру, тізімі бекітілді. №1 жалпы білім беретін мектептің ұсынылған отбасылардың құжаттарын қарап, олардың кіріс көзі шын мәнінде жан басына шаққандағы шектік мөлшерден,яғни 39411 теңгеден аспайтындығына көз жеткізіп, тізім бойынша 84 отбасыдан шыққан 171 оқушыға «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бір реттік материалдық көмек ретінде бөлінетін қаражатты тағайындау» бойынша бір реттік көрсетілетін қаржылай көмек әр бала санына 25000 теңгеден төленді. 2021-2022оқу жылының I жарты жылдығында дәстүрлі республиқалық мектепке жол қайырымдылық ақциясы ұйымдастырылды. Ақцияға Жеке кәсіпкер Өтеубайқызы Орынша 70000теңге қаржылай көмек,жеке кәсіпкер Балнияз Қарығұл 7оқушыға мектеп құралдарын ата-ана Таганиязова 10000теңге мектеп мұғалімдері 135000теңге, мәдениет және спорт бөлімі 60000теңге берді. «Мектепке жол» қайырымдылық ақциясында 72 оқушы оқу құралдары мен мектеп формамен қамтылды. Жаңа жылдық мереге Асхана менгерушісі 40000тенге мектеп ұжымы 84000тенге тәтті салынған сыйлық алуға берді, 80000тенге 2 оқушыға қысқы аяқ қиім және сырт киім алып берді.

2022-2023 жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарында Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бекітілді. 2022-2023 оқу жылында «Мектепке жол акциясына» қатысып, аз қамтылған отбасы балаларына көмек жұмыстарын ұйымдастырылып отыр. Жаңа оқу жылында мектебіміздегі аз қамтылған оқушыларға бір реттік берілетін материалдық көмек ақша беріліп отыр. Кез келген ақша қаражат аудан мектептерінде қамқоршылық кеңесінің мүшелері арқылы қаралып бөлініп беріледі.

Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары және қамқоршылық кеңес отырысының жоспары бойынша барлық білім беру ұйымдарында төрт тоқсанға төрт отырыс өткізіледі.

2022/2023 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстары қыркүйек айының алғашқы он күндігінде қамқоршылық кеңес мүшелері отырыс өткізді. Ол жерде өткен оқу жылындағы кеңеске мүше болған ауыл тұрғындары өздері ерікті түрде кеңеске мүше бола алмайтындығын айтып, өтініштерін жазды. Жоспар негізінде ұйымдастыру жұмыстары кезінде олардың орнына басқа ауыл тұрғындары тілек білдірді. Құрамы сайланып, құжаттарының көшірмесі мен өтініштері алынды. Одан кейін қамқорлықтағы балалардың санаты бойынша топтау жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткізілетін Жаңа жыл шыршасына қатыстырылатын әлеуметтік санаттағы балалардың тізімі білім беру ұйымдарның жанындағы қамқоршылық кеңестерде қаралып, ашық түрде жасақталып бекітілді.

Жоспарда қаралатын әр тоқсан сайын жылдық жоспар бойынша сәтсіз отбасылар, қамқорлыққа алынған, аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетілді.

2020-2021 оқу жылының әлеуметтік педагогтың атқарылған жылдық есебіМысалы 9 жалпы білім беретін мектепте мектеп бюджетінен 51 оқушы 497000тг, демеушілер атынан 60оқушы 499500тг (ақшалай көмек аудан әкімдігі Б.Ж.Білләлов 4 оқушыға 20000тг/80000тг, селолық әкімдік 3 оқушыға 10000/30000тг ауыл шаруашылық инспекциясы 3 оқушыға 23000/69000тг қолына аталған демеушілер өздері табыстады, қалған қаржы алып берген товардың соммасы 320500тг құрайды ) жалпы 111 оқушыға көмек көрсетілді.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес аталған әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген ата-аналардың құжаттарын қарау және талапқа сай құжат иелерінің өтініші қанағаттандырылды.

Демеушілердің көмегімен оқушыға мектеп сөмкелері мен аяқ киімдер, мектеп сөмкелері мен мектеп құралдыры берілді.

Осыған орай, 27 тамыз күні №15 жалпы білім беретін мектеп мемлекеттік мекемесінде аталған тақырыпта мейрімді жандардың қолдауымен «Жақсылық жасауды өзіңнен баста» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдылық акциясына жеке кәсіпкерлер, ауданымыздың беделді азаматтары, мектеп мұғалімдері қарап қалмай, өз үлестерін қосты.

Батыр ауылдық округі әкімі С.Айтбаев 25 оқушыға мектеп сөмкесімен қоса, оқу құралдарын, Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы 3 оқушыға мектеп сөмкесімен қоса оқу құралдарын, Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі 3 оқушыға мектеп сөмкесімен қоса оқу құралдарын, Мұнайлы ауданы «Өнер мектебі» 16 оқушыға мектеп сөмкесімен қоса, оқу құралдарын, Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі 3 оқушыға мектеп сөмкесімен қоса, оқу құралдарын, Мұнайлы ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі 3 оқушыға қаржылай көмек көрсетті (30000тг). «Нұр Отан» партиясы 1 оқушыға қаржылай көмек, депутат Әбділов Бектас Талғатбекұлы 5 оқушыға қаржылай көмек (110000тг), депутат Сарбасов Нұрлан Жангырханович 3 оқушыға қаржылай көмек (45000тг) көрсетті. Жеке кәсіпкер Игамбаев Азамат «Әмбебап» сауда орталығының басшысы 2 оқушыға мектеп формасы, мектеп сөмкесі, оқу құралдарымен қоса алып берді. «Біз адамбыз, Біз біргеміз» қайырымдылық қоры 7 оқушыға мектеп формасын, оқу құрал-жабдықтарын алып берді. «Сүйіндік Ата» қайырымдылық 5 оқушыға мектеп сөмкесімен қоса, оқу құралдарын алып берді. Сонымен қатар осындай игі істерге үнемі мұрындық болып, алдындағы баладан білім нәрі мен жақсылығын аямаған ұлағатты ұстардар да бұл істен шетте қалмады.