Мұнайлы ауданы мектептеріндегі тегін ыстық тамақ сапасына мониторинг қорытындысы
2024 жылғы қарашаның 19-28 күндері аралығында Мұнайлы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық білім басқармасы бекіткен ведомствоаралық сараптамалық топ 31 мектеп асханасын (19 мемлекеттік және 12 жекеменшік) тексерді.
Мониторинг аясында бағаланған негізгі талаптар:
Асхана тазалығы, қол жуатын судың және сабынның болуы, ас мәзірінің ілінуі, бекітілген мәзірге сәйкестік.
Тәуліктік сынамалардың алынуы, тауар көршілестігі, қызметкерлердің құжаттары (медициналық кітапшалары, дипломдары).
Бейнебақылау камераларының саны, буфет өнімдерінің рұқсат етілген тізімі.
Ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстарын есепке алу кітабының болуы.
Кейбір мектептерде бейнебақылау камераларының саны жеткіліксіз (№12, №1 мектептер).
Буфетте рұқсат етілмеген өнімдердің сатылуы («Atameken school», «Алтынсарин»).
Асхана тазалығы мен жабдықталуында кемшіліктер (№7, №10 мектептерде сұйық сабын жоқ, раковиналар лас).
«Smart_ilim» мектебінің асханасын тексеруге рұқсат берілмеді.
Бракераждық комиссия құру талаптары сақталмаған («Lager» мектебі).
Кейбір мектептерде балаларға ауыз су беру талаптары орындалмаған (№9 мектеп).
№16 мектеп: Ас мәзірі талапқа сай, алайда тілектер мен пікірлер журналы жоқ.
№7 мектеп: Раковиналар лас, сабын жоқ.
«ALT» мектеп-лицейі: Ас мәзірі нормаларға сәйкес.
«IQ бастауыш мектебі»: Талаптар толық орындалған.
Қорытынды:
Мониторинг нәтижесінде мектептердің асханаларының көбінде негізгі талаптар орындалғанымен, кейбір мектептерде санитарлық-гигиеналық талаптар мен жабдықталу деңгейі бойынша елеулі кемшіліктер анықталды. Ескертулер беріліп, орындалуын қадағалау қажет.
Мұнайлы ауданы бойынша мектептердегі тегін ыстық тамақпен қамтуды бақылау мониторингі туралы анықтама
Жалпы мәлімет
Желтоқсанның 9-20 аралығында Мұнайлы ауданындағы 28 мектептің асханасына тегін ыстық тамақ сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізілді. Мониторингке мемлекеттік және жекеменшік мектептер қамтылды (18 мемлекеттік, 10 жекеменшік мектеп).
Мониторингтің негізгі критерийлері
Асханаларда келесі талаптар тексерілді:
1. Асхана тазалығы және санитарлық-гигиеналық жағдайы.
2. Ас мәзірінің сәйкестігі және сол күнгі тағам үлгілерінің сақталуы.
3. Қызметкерлердің құжаттары мен біліктілігі (медициналық кітапшалар, дипломдар).
4. Бейнебақылау жүйесі (саны, орналасуы).
5. Тамақтану кестелері мен оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру.
6. Ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстарын есепке алу.
7. Тыйым салынған тағам өнімдерінің сатылмауы.
Негізгі анықтамалар мен кемшіліктер
Ас мәзірі жалпы нормаға сәйкес болғанымен, кейбір мектептерде тағам үлгілері уақытында алынбаған.
Кейбір мектептерде бейнебақылау камераларының саны жеткіліксіз немесе мүлдем жоқ.
Қойма және желдеткіш жүйелерінің жағдайы талапқа сай келмейтін жекелеген асханалар анықталды.
Балаларға дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттауға арналған іс-шаралардың аздығы байқалды.
Азық-түлік сақтау талаптары бұзылған жағдайлар болды (тауарлар көршілестігі сақталмаған).
Жекеменшік мектептерде асхана стандарттары жиі орындалмаған.
Жалпы ортақ ұсыныстар
1. Мектеп асханаларында бейнебақылау камераларының санын арттыру.
2. Азық-түліктерді сақтау тәртібін жақсарту және тауарлар көршілестігін бақылау.
3. Бракераждық комиссиялардың белсенді жұмысын қамтамасыз ету.
4. Қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін бақылауды күшейту.
5. Тыйым салынған тағам өнімдерін сатуды болдырмау.
6. Оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін дамыту бойынша іс-шараларды жиі өткізу.
7. Мектеп сайттарында "Мектеп асханасы" бөлімін толтыру және ашықтықты қамтамасыз ету.
Ведомоствоаралық сараптамалық топ мүшелері қазан айының 16-18 күндері аралығында мемлекеттік мектеп асханаларына, 22-24 күндері аралығында жекеменшік мектептердің асханаларына мониторинг жүргізді.
МЕКТЕПТЕРДЕГІ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 16-20 қыркүйек күні ведомствоаралық сараптамалық топ мүшелерімен ауданның мектеп асханаларына мониторинг жүргізді. Мониторинг жүргізу барысында ауыз су режимі, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиенасына, тамақ өнімдерін қабылдауға, перспективалық ас мәзірге, тәуліктік сынамаларға, қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуіне қойылатын талаптардың орындалысына, күнделікті ас мәзірінің технологиялық картаға сәйкес жасалуына, тамақ порцияларының нормаға сәйкестігі қаралды. Мектеп асханаларына жүргізілген мониторинг барысында анықталған кемшіліктер мектеп басшыларына, әлеуметтік педагогтерге, сонымен қатар мектеп асханасын жалға алып отырған кəсіпкерге ескертілді.
Маңғыстау облысы білім басқармасының 15.09.2023 жылғы №195-нқ бұйрығына сәйкес "Маңғыстау облысы білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобын құру туралы" бұйрығы шықты. Аталған мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық тобы қыркүйектің 27,28,29 күндері мектеп асханаларына барды. Ас ішетін бөлмеге қойылатын талаптар, мекеменің бракераждық комиссиясының жұмысы, балалар тамақтанатын ыдыстардың жай-күйі, тыйым салынған өнімдердің берілмеуі және т.б. қаралды.
2023-2024 оқу жылындағы ас-мәзірі (аудан бойынша ортақ)
Тамактандыру сапасына жургізілген мониторингтын
{gallery}2022/istik-tamak{/gallery}