Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің
«22» қаңтар 2021 жылғы
№01-5/12 нқ бұйрығына
Қосымша 3
«Менің жеке үлесім!» атты барлық білім беру ұйымдары мен педагогтеріне арналған жобаның ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже «Менің жеке үлесім!» атты жоба (одан әрі - Жоба) өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
1.2. Жоба өткізу тәртібі Ережемен анықталады.
1.3. Жоба ауданның барлық білім беру ұйымдары бойынша педагогикалық қызметкерлердің шығармашылығын анықтауға, олардың озат тәжірибелерін зерттеп таратуға, оқу үдерісінде заманауи білім беру технологияларын пайдалануда педагогтардың инновациялық қызметін қолдауға бағытталған.
ІІ. ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
2.1. Жобаның мақсаты:
• Талантты педагогтерді анықтау, қолдау және көтермелеу және олардың педагогикалық озат тәжірибелерін тарату арқылы педагогикалық еңбектің ынталы имиджін қалыптастыру.
ІІІ. ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
3.1. Жобаның негізгі міндеттері:
- Педагогтердің кәсіби және жеке өзін өзі жүзеге асыруына септігін тигізетін жағдай туғызу;
- Кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, шығармашылық әлеуетін арттыруға, мұғалімдерінің шеберліктерін шыңдауға ықпал ету;
- Оқу-тәрбие үдерісінің тәжірибесіне заманауи жаңашыл білім беру технологияларын енгізу және тарату;
- Талантты педагогтерді анықтау, олардың тәжірибелерін білім беру ұйымдарының практикасына енгізу;
- Аудан бойынша талантты, дарынды педагогтер мен балалар қорын жасақтау.
IV. ӨТКІЗІЛЕТІН МЕРЗІМІ
4.1. Жоба 01.09.2020ж. мен 30.05.2021 ж. аралығында бір оқу жылын қамтиды.
4.2. Жобаны жүзеге асыратын барлық аудандағы білім беру ұйымдары, қорытындылайтын Мұнайлы аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ ұйымы.
V. ЖОБАҒА ҚАТЫСУ
5.1. Жобаға қойылған критерийлер бойынша толық барлық білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысады.
5.2. Жобаға бойынша келесі бағыттағы жетістіктер қамтылады (ақылы олимпиадалар, байқаулар, т.б. ескерілмейді)
- Олимпиадалар (оқушы, мұғалім),
- Педагогтің пәніне тиісті сайыс, байқаулар, конкурстар (оқушысы алса да ескеріледі);
- Пәндік ғылыми жобалар (оқушы);
- Авторлық бағдарламалар, құралдар, әдістемелік әзірлемелер;
- Егер командалық болса онда тек командалық бір рет бағаланады( Мыс: футбол, волейбол, баскетбол, қойылым, т.б.;)
- Жалпы білім беретін мектептердегі ҰБТ-ға қатысқан түлек санынан мемлекет тапсырыс есебінен ЖОО түскендердің үлесі (грант және серпін), бағалау пайызды ұпайға айналдыру шкаласы арқылы жүзеге асады.
VІ. ЖОБА МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУ ФОРМАСЫ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
6.1 5 кезең бойынша сұрыптаудан өтеді
I кезең – сұрыптау (31.10.2020ж);
II кезең – сұрыптау (31.12.2020ж);
ІII кезең – сұрыптау (26.03.2021ж);
IV кезең – сұрыптау (30.05.2021ж);
V кезең – қорытындылау (2021 жылдың тамыз айы);
6.2. Жоба бойынша ұйымдастыру комитетіне төмендегі кестені толтырып, жоғарыда көрсетілген кезеңдер бойынша уақытынан кеш қалмай білім беру ұйымдары директорының қолы мен сол ұйымның мөрін соғып әкеліп тапсыру керек. Ал дәлелді құжаттың тұпнұсқасы сканирден өткізіліп (дәлелді құжаттың көшірмесі сканирден өткізілсе, ол құжат жарамсыз болып есептеледі) электронды нұсқада Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштаға «І кезең бойынша жоба материалдары» деп салу керек.
№ |
Жетістікке жеткен педагогтің аты-жөні |
Пәні |
Еңбек өтілі |
Қатысқан байқау, жарыс, т.б. атауы |
Алған орны (егер оқушы алса АЖТ көрсетіледі) |
Деңгейі (аудан, облыс, республикалық, халықаралық) ұпаймен көрсету |
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту! Көрсетілген уақыттардан кеш қалса, білім беру ұйымының директорының қолы мен мөрі болмаса комиссия қарауына ұсынылмайды.
6.3. Әр кезең сұрыптау кезеңі. Сұрыптау кезеңінде жоба талаптарына сәйкес комиссия мүшелері ұсынған материалдарын сараптауды жүзеге асырады. Ұсынылған материалдар келесі критерийлер бойынша бағаланады. Комиссияға ұсынылған талапқа сай емес материалдар бағаланбайды. Ұсынылған материалдарды бағалау кезінде барлық жетістіктер (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық) аудандық-5, облыстық-10, республикалық-15, халықаралық-20 ұпай арқылы бағаланады. Грантты бағалау пайызды ұпайға айналдыру шкаласы арқылы, яғни, 0-25%-3, 26-50%-6, 51-75%-8, 76-100%-10 ұпаймен бағаланады.
VІІ. Байқаудың қазылары
Ұсынылған материалдарды бағалау, байқаудың мақсат-міндеттеріне сәйкестігін ескеру, бағалау критерийлеріне сәйкестігін анықтау, үздік педаготер мен жеңімпаз білім беру ұйымдарын анықтау, қазылар алқасының ресми жұмыс нәтижесі хаттамамен толтырылады.
VІІІ. БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, МАРАПАТТАУ
Қорытынды кезең нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған білім беру ұйымдары және мұғалімдер жеке жетістіктері үшін номинациямен аудандық тамыз кеңесінде марапатталады.
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің
«22» қаңтар 2021 жылғы
№01-5/12 нқ бұйрығына
Қосымша 3
Аудан бойынша математика пәні мұғалімдерінің
«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПРОГРЕССИЯ»
байқауын өткізу ережесі
1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
1.1. Байқаудың мақсаты: Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби
қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту.
1.2. Байқаудың негізгі міндеттері:
- Мұнайлы ауданының талантты педагог қызметкерлерін анықтау және
шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибесін тарату;
-Білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеялар іздеу;
-Оқушылардың қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету.
2. Байқауға қатысушылар
2.1.Байқауға барлық математика пәні мұғалімдері (мектептің әкімшілік мұғалімдеріне де тиісті) қатысу міндетті.
2.2. Байқауға мынадай талаптар қойылады:
- Білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Әр мектеп, лицейде (оқыту тілі қазақша) дипломдары бойынша математика пәнінің мұғалімдері, қоса атқарушылар, мектеп әкімшілігі мұғалімдері қатыса алады.
- Байқау қорытындысы мектеп рейтингісінде есепке алынбайды;
- Байқау жеңімпаздарының еңбегі санат көтеру кезінде ескеріледі;
- Еңбек өтіліне, санатына шек қойылмайды.
- 55 жастан (55 жастағылар қатыса алады) төменгі қызметкерлер қатыса алады.
3. Байқаудың өткізу тәртібі
3.1. Байқау әр ай сайын аудан мектептерінде өткізіледі;
3.2. Байқау бір оқу жылын қамтиды.
3.3. Байқау I турдан тұрады және әр мұғалім жеке берілген тапсырма бойынша есептер шығырады;
- Әр бір мұғалім 30 есеп орындайды (25 есеп стандарттық есеп және 5 есеп олимпиадалық);
• Әр бір есепке 1 ұпайдан беріледі және соңғы олимпиадалық есептердің
әр қайсысына 2 ұпайдан беріледі;
• Әр деңгейдегі есептерді әр бір мұғалім өзі шешіп, жазбаша түрде
ұсынады, есептерді әр бір мұғалім жеке дәптерге орындайды;
• Байқауға берілетін уақыт 3 сағат.
• Әр турдың қорытындысы мұғалімдердің жеке электронды почталарына
жіберіледі.
-Байқау жеңіипазы атанған жүлдегерлер келесі оқу жылында қатыспайды.
4. Байқаудың қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау
4.1. Байқаудың ашылуы жылына бір рет өткізіледі, қорытындылау жылдың соңында салтанатты түрде өткізіледі.
4.3. Аудандық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындармен, номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
4.4. Әр турдың қорытындысы мұғалімдердің жеке электронды почталарына жіберіледі.
5. Қосымша мәлімет
5.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу бойынша Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлерінен мәліметтер алуға болады.
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің
«22» қаңтар 2021 жылғы
№01-5/12 нқ бұйрығына
Қосымша 3
Аудан бойынша ағылшын пәні мұғалімдерінің «Lingua Peak» байқауын өткізу ережесі
1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
1.1. Байқаудың мақсаты: Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту, білім беру арттыру, педагогтардың кәсіби қарым-қатынасына, олардың кәсіби байланыстарын кеңейтуге және дамытуға жәрдемдесу, мұғалімдердің ынтымақтастығын нығайту арқылы оқу мен оқыту барысында инновациялық идеялар алмасу үдерісін жүзеге асыру, кездесетін кедергілерді бірлесіп анықтап, шешу жолдарын іздестіру;
1.2. Байқаудың негізгі міндеттері:
- Мұнайлы ауданының талантты педагог қызметкерлерін анықтау және шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибесін тарату;
- Білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеялар іздеу;
- Оқушылардың қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету.
2.Байқауға қатысушылар
2.1.Байқауға барлық ағылшын пәні мұғалімдері қатысу міндетті.
2.2. Байқауға мынадай талаптар қойылады:
- Білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Әр мектеп, лицей, гимназияда дипломдары бойынша ағылшын пәнінің мұғалімдері, қоса атқарушылар, мектеп әкімшілігі мұғалімдері қатыса алады.
- Байқау қорытындысы мектеп рейтингісінде есепке алынбайды;
- Байқау жеңімпаздарының еңбегі санат көтеру кезінде ескеріледі;
- Еңбек өтіліне, санатына шек қойылмайды.
- 55 жастан (55 жастағылар қатыса алады) төменгі қызметкерлер қатыса алады.
- Әр тур қорытындысы құпия сақталады және қатысушының жеке электронда поштасына салынады.
3. Байқаудың өткізу тәртібі
3.1. Байқау қаңтар айынан мамыр айына дейін аудан мектептерінде өткізіледі;
3.2. Байқау 2020-2021 оқу жылы III-IV тоқсан мен 2021-2022 оқу жылының I-II тоқсандарын қамтиды.
3.3. Байқау10 рет өтеді, яғни айына бір реттен және әр мұғалім жеке әр тур бойынша берілген 4 дағды және 5 тур Use of English бойынша тапсырмалар орындайды. Тапсырмалар сол өтетін күні, бір уақытта арнайы ашылған қауымдастық поштасына жіберіледі. Әр мұғалімге алдын ала мектеп штампымен соғылған 2–ден 12 беттік дәптер дайындалады. Әр тур бойынша қауымдастық мүшелері мектептерге топпен бөлініп, мұғалімдермен байқау өткізеді. Мектеп мұғалімдері өз мектептерінде белгіленген күні мен уақытпен толық қатысуы керек.
3.4.Әр бір тур бойынша тапсырмалар арнайы критерийлер бойынша бағаланады.
3.5.2021-2022 оқу жылы осы 5 тур бойынша тапсырмалары өзертіліп жалғасады.
3.6.Әр деңгейдегі тапсырманы әр бір мұғалім өзі орындап, жазбаша түрде ұсынады, тапсырмаларды әр бір мұғалім жеке дәптерге орындайды.
4. Байқаудың турлары:
4.1.«Lingua Peak» ағылшын пәні мұғалімдеріне арналған жоба (Қаңтар)
• Reading- 1 тур
Бұл турда 3 түрлі мәтін беріледі. Берілген мәтін бойынша 40 сұрақтан тұратын тапсырма болады. (тапсырмалар әр түрлі) тапсырмалардың деңгейі әр түрлі:
1.Matching. 2.True/false.3.Answer the guestions.4.Ghoose the readings.5.Give synonyms or opposites of underlined words.ets (Жалпы 40 ұпай);
Әр тексте 500-900 сөз. Сұрақтарды көшіруге бөлек уақыт берілмейді. Өткізілетін күні: 30.01.2021 ж. күні әр мектеп мұғалімдері өз мектептерінде болады. Әр бір мұғалім І турда берілген мәтін бойынша оқылым тапсырмаларын орындайды.
4.2.«Lingua Peak» ағылшын пәні мұғалімдеріне арналған жоба (Ақпан)-Speaking- 2 тур
Бұл турда 11-15 минутта қатысушылардың өзін таныстыруы және таңдалған тақырып бойынша өз ойын жеткізуі тыңдалады және тыңдаушылық сұрақтарына жауап береді. Айтылым дағдысымен тапсырмалар орындалады.
Assessments for speakingcriteries
1.Vocabulary-10.2.Grammar-10. 3.Fluency-10. 4.Pronunciation -10.
4.3.«Lingua Peak» ағылшын пәні мұғалімдеріне арналған жоба (Наруыз)
-Listening- 3 тур
Бұл турда2 түрлі тыңдалым тапсырмасы тыңдатылады. Әр тыңдалым бойынша екі тапсырма дайындалады. 1 сағат-40 сұрақ болады. 40 сұрақ 4 секцияға бөлінеді. Сұрақтан кейін, сұрақтарды жауап парақшасына көшіруге 10 минут беріледі. Қатысушы тыңдау секциясында үнтаспаны тыңдап сұраққа жауап жазады. Тыңдалым дағдысымен тапсырма орындалады. Жалпы 40 ұпай.
4.4.«Lingua Peak» ағылшын пәні мұғалімдеріне арналған жоба ( Сәуір) -Writing- 4 тур
Task Assestment( Эссенің құрылымының дұрыс сақталуы, өз ойын дұрыс дәлелдеуі) Coherence and Cohesion (Эссенің құрылымын сақтай отырып, логикалық жүйелігі бойынша сөйлемдердің және байланыстырушы сөздердің дұрыс қолданылуы) Lexical Resources (Эсседе қолданылатын сөздік қоры) Grammar Range (Эсседе грамматиканы дұрыс қолдану). Жазылым дағды тапсырмалары орындалады. Қатысушыға 1 сағат уақытымен 1 эссе жазуға беріледі. Эссе академиялық тілмен жазылу керек. 250 сөзден кем болмау керек.
4.5.Lingua Peak» ағылшын пәні мұғалімдеріне арналған жоба ( Мамыр) -Use of English- 5 тур
-Ағылшын тілі грамматикалық және лексикалық бойынша түрлі жаттығулар жасау. 1 сағат уақытымен шектеліп тапсырмаларды орындайды.
5. Байқаудың қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау
5.1. Байқаудың турлары жылына 10 рет өткізіледі, қорытындылау 2021 оқу жылының желтоқсан айында өткізіледі.
5.2.Аудандық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасыныңшешімі бойынша жүлделіорындармен, номинацияларменжәне аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтармен марапатталады.
5.3.Әр турдың қорытындысы мұғалімдердің жеке электронды почталарына жіберіледі.
5. Қосымша мәлімет
5.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу бойынша Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлерінен мәліметтер алуға болады.