Маңғыстау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 5 қаңтар
№ 8 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысының білім басқармасының
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің
«Оқу-әдістемелік орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Ұйымдастыру-құқықтық нысаны: - Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Меншіктің түрі: - коммуналдық
Орналасқан жері: - 130600, Қазақстан Республикасы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет ауылдық округі,
Даулет ауылы 24 орам, ғимарат №55
Даулет ауылдық округі
2021 жыл
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте білім беру процесінің ұйымдастырушылық– әдістемелік қамтамасыз етілуін, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін –өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін, инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату, қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің түрі - коммуналдық.
3.Коммуналдық мемлекеттік мекеме Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 05 қыркүйектегі №125 қаулысымен құрылды.
4.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.
5.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
6.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері: 130600, Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет ауылдық округі, Даулат ауылы 24 орам, ғимарат №55
2-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
10.Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Маңғыстау облыстық білім басқармасы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
11.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні білім беру жүйесін заманауи педагогикалық технологиялармен, ақпараттық ресурстармен және оларды пайдалану құралдарымен әдістемелік қамтамасыз ету.
13.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандары мен әдістерін дамыту және тарату.
14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеуге ұсыныс береді;
2) білім беру жүйесінің педагогикалық және басшы кадрларымен жұмысты әдістемелік қамтамасыз ету;
3) Мұнайлы ауданының және білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымдарының сұрауы бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған оқу-тәрбие процесін әдістемелік сүйемелдеу жүйесін құру;
4) Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарының қызметін біліктілікті арттыру жүйесінің мекемелерімен, педагогикалық қызметкерлердің қоғамдық ұйымдарымен (бірлестіктерімен) үйлестіру;
5) тиімді педагогикалық практиканы анықтау, зерделеу, жинақтау және тарату;
6) барлық үлгідегі білім беру ұйымдарындағы инновациялық процесті әдістемелік сүйемелдеу;
7) білім беру ұйымдарына ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру, білім берудің жаңа және жаңартылған мазмұнын енгізу, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану, басқарушылық консультация беруді ұйымдастыру, білім беру ұйымдарына қазіргі заманғы технологияларды игеруге әдістемелік көмек көрсету;
8) Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың жай-күйін мониторингтік зерттеу нәтижелері бойынша әдістемелік қызметтің негізгі бағыттарын айқындайды және ұсынымдар әзірлейді;
9) Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуінің мақсатты және кешенді бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
10) Мұнайлы ауданының білім мазмұнын жаңарту жөніндегі ресурстық білім беру ұйымдарының желісін қалыптастырады және білім беру процесіне қатысушылармен ақпараттық, ұйымдастырушылық және үйлестіру жұмысы арқылы оның қызметін қамтамасыз етеді;
11) Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарының мониторингтік зерттеулері мен сұраныстары негізінде педагог және басшы кадрлардың білім алу қажеттіліктері туралы ақпаратты анықтайды, талдайды және жүйелейді;
12) педагогтердің білім берудің жаңартылған мазмұнын игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді тұлғалық-бағдарланған технологияларын практикаға енгізу, дарынды балалармен жұмыс және инклюзивтік оқыту бойынша консультациялық жұмыс жүргізеді;
13) дарынды балаларды іздестіреді, зерттейді, оқытады және дамытады;
14) қабілетті балалардың шығармашылық көрмесін ұйымдастырады;
15) дарынды балалармен жұмыс істеуде озық тәжірибені жинақтап қорытады және негізгі, сараптамалық алаңдар құрады, білім саласына түрлі бағдарламаларды, жобаларды, әдістерді, технологияларды және үлгілерді енгізеді;
16) педагогтарды, психологтарды, мектеп басшыларын дарынды балалармен жұмыс істеуге үйретеді, курстар, семинарлар және тренингтер ұйымдастырады;
17) кадрларды аттестаттау процесін жүзеге асыруда білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссияларына ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
18) басшы кадрлар мен білім беру мамандарының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды қамтамасыз ететін білім беру мекемелерінің (олардың бөлімшелері) сұраулары және жоспарлы біліктілікті арттыру негізінде педагог және басшы қызметкерлерге олардың біліктілігін арттыруда және қайта даярлауда әдістемелік көмек көрсетеді;
19) Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарында басшы және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мазмұнын анықтауға, қалыптастыруға және келісуге қатысады;
20) оқу-тәрбие процесінің мазмұнын және оны әдістемелік қамтамасыз етуді айқындайтын материалдарға талдау жүргізуге қатысады;
21) психологиялық-педагогикалық ғылым мен білім беру практикасының жетістіктері негізінде озыңқы ақпараттық-талдау жұмысын жүргізеді, оны ұйымдастыру үшін база жасайды;
22) психологиялық – педагогикалық талаптарды сараптамаға дайындау, білім беру ұйымдарының және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мектепалды даярлықтың әдістемелік құралдарын әзірлейді;
23)ойыншықтардың қауіпсіздігімен ойын жабдықтарының орналасуының жай – күйін зерделейді;
24) конкурстар, көрмелер, жарыстар және т. б. өткізу бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді;
25) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадаларды және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
26) Мұнайлы ауданының білім беру ұйымдарының, педагогтердің сұраныстарын зерделейді, оларды жинақтайды және оларға оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен, компьютерлік техникамен, бағдарламалық-әдістемелік кешендермен, оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, оларды пайдалану тәртібін айқындайды;
27) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, консультациялар (жеке және топтық), педагогикалық оқулар, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлік конкурстарын және т. б. шаралар өткізеді, сертификаттар тапсырады;
28) педагогтердің аудандық, мектепаралық кәсіби әдістемелік бірлестіктерінің, шеберлік сыныптарының, шығармашылық топтардың, зертханалардың, шеберханалардың жұмысын ұйымдастырады;
29) педагогтердің өздігінен білім алуына басшылық жасайды;
30) педагогтердің нұсқаулық-әдістемелік кеңестерін өткізеді;
31) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлейді және енгізеді;
32) әдістемелік өнімді әзірлейді және енгізеді;
33) жаңа оқу бағдарламалардың зерделеуін ұйымдастырады және оларды оқу үдерісіне енгізу туралы ұсыныстар береді;
34) еңбек нарығының талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламаларына және стандарттарға өзгерту енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
35) баспа, көшіріп басу, марапаттау және безендіру жұмыстарын жасайды;
36) мектепке дейінгі білім мен бастауыш сынып оқушылары, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында кешенді спорт жарыстарын, оның ішінде аудандық жарыстарды, барлық мектептен тыс оқу-тәрбиелік жұмыстарды, сайыстар, пәндік және қашықтық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастырады, рухани-жаңғыру бағдарламасына сай іс-шаралар өткізеді;
37) Жалпы білім беру мекемелеріндегі кешенді тәрбие беру бағыттары бойынша жұмыстарды, туризм-өлкетану,«Жас ұлан» ұйымының жұмысын жүргізуде әдістемелік көмектер ұйымдастырады, тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарларымен, тәлімгерлермен тренинг-семинарларды, семинар-практикумдар өткізеді;
38) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы ұйымдастыратын оқушылардың тақырыптық ауысымдарына жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жіберуді ұйымдастырады,құжаттарын дайындау, жолға шығуын, қатысуын қамтамасыз етеді;
15.Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16.Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органының шешімімен, немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
17.Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
18.Маңғыстау облысының әкімдігі заңнамаға белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды).
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаға белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
19.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
20.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына тікелей бағынады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
21.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22.Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының коммуналдық мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
23.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтын қызметкеркерлерден басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің озге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
24.Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
25.Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
26.Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда коммуналдық мемлекеттік мекеме өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органның не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
28.Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
29.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
30.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
31.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
8-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
32.Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды Маңғыстау облысы әкімдігі жүзеге асырады.
33.Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.
34.Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9-тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
35.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Директор ______________________________ ____________________
АТӘ (бар болған жағдайда) қолы