Конкурстың мақсаты: мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, ізденіспен жұмыс істейтін талантты мұғалімдерді анықтау, мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру, білім беру мен тәрбие беруде мамандар тәжірибесіндегі ерекше формалар мен әдістерді, жаңа идеяларды іздеу, мұғалімдерді шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру.
Конкурс қорытындысы бойынша №4 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұрат Нұрдәулет Жақсыбекұлы I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған болатын.
Облыстық кезең 07-08.04.2021 ж. күндері Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінде орналасқан №9 жалпы білім беретін мектеп базасында өтті.
Облыстық кезеңге аудандық кезеңнен I орынды иеленіп жолдама алған №4 жалпы білім беретін мектепің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұрат Нұрдәулет Жақсыбекұлы қатысып, ІІ орынды иеленді.
Мұрат Нұрдәулет Жақсыбекұлына денсаулық, еңбегіне шығармашылық табыс, алдағы уақытта биік белестерден көрінуіне тілектеспіз.
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің 02.03.2021 ж. №01-5/40-нқ бұйрығы негізінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары 3-4, 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар (ұлдар, қыздар) арасында аудандық Ұлттық «Мектеп лигасы» спорт түрлерінің турнирі наурыз, сәуір, мамыр айларынна өткізу кестесі жасақталған болатын.
Қазіргі таңда кесте бойынша аудандық Ұлттық «Мектеп лигасы» спорт түрлерінің турнирі өткізіліп жатыр.
Үстел теннисі бойынша Ұлттық «Мектеп лигасы» аудандық кезеңінің жеңімпаз командалары №12 жалпы білім беретін мектеп және №13 мектеп-гиназиясы 05.04.2021 ж. күні өткен облыстық кезеңіне қатысып, №12 жалпы білім беретін мектеп командасы ІІ орын, №13 мектеп-гиназиясы командасы ІІІ орынды иеленді.
05-09.04.2021 ж. күндері аралығында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық «Мектеп лигасы» аудандық кезеңі 5-6, 7-8, 9-11 сынып ұлдар арасында өткізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында І орын-№12 жалпы білім беретін мектеп, ІІ орын-№6 жалпы білім беретін мектеп, ІІІ орын-№15 жалпы білім беретін мектеп, 7-8 сыныптар арасында І орын-№12 жалпы білім беретін мектеп, ІІ орын - №6 жалпы білім беретін мектеп, ІІІ орын-№13 мектеп-гимназиясы, 9-11 сыныптар арасында І орын-№12 жалпы білім беретін мектеп, ІІ орын-№4 жалпы білім беретін мектеп, ІІІ орын-№8 жалпы білім беретін мектеп иеленіп, жеңімпаз командалар білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
І орын алған жеңімпаз командалар облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз.