Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

Мұнайлы ауданы  бойынша   білім  бөлімінің  01.04.2021 жылғы №01-5/72-нқ  бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 7 сәуірі күні  8-11 сынып оқушылары  арасындағы гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға, өлең жазу, тапқыр талантын,  дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне ден қою, шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында  республикалық «Ақберен» байқауының аудандық кезеңі өтті. 

Байқау 6 номинация бойынша өткізіліп,  оқушылар білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде  байқаудың «Шешендік, білгірлік» номинациясы бойынша №7 мектептің 10-сынып оқушысы Райсова Диана, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша №5 мектептің 8-сынып оқушысы Турганбаев Қоблан, «Эссе жазу»  бойынша №3 мектептің 10-сынып оқушысы Төлегенова Гүлнұр, «Ақындар айтысы» бойынша №14 мектептің 8-сынып оқушысы Мырзағалиев Сүйінішбек, «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша №7 мектептің 11-сынып оқушысы Батей Аят және «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша №9 мектептің 9-сынып оқушысы  Ізбасар Азамат І орынды иеленіп,  облыстық кезеңге жолдама алды.Оқушыларға облыстық  додада  жеңіс тілейміз!

1