2021 жылғы наурыз айының 19-ы күні білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қоданбалы өнер бойынша балалар шығармашылық көрме-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан – жақты ықпал ету, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеу. Байқау ережесіне сәйкес 7 бағыт бойынша барлық мектептен оқушылардың 31 жұмысы қатысып Қызылтөбе лицейі мен №№№ 3,5,6,10,15 жалпы білім беретін мектептің оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.