01.04.2021ж. күні білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік- қолданбалы өнер бойынша шығармашылығының облыстық көрме байқауы өтті.
Жеті бағыт бойынша өткізілген көрме байқауында ауданымыздан 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Ишберген Кәусар ІІ орын және №6 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Абдикадиров Рамазан ІІІ орын иеленді. Оқушыларды дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз.