Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 14 сәуір күні №8 мектепте бастауыш 2-4 сынып оқушыларының олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға білім беру ұйымдарынан әр сыныптан бір-бір оқушыдан барлығы 48 оқушы қатысты.
Олимпиада 2 турдан тұрды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бірінші турда қазақ тілі мен әдебиеттік оқудан, математика, жаратылыстану және дүниетану пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап берсе, екінші турда функционалдық сауаттылыққа байланысты оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылыққа және жаратылыстану мен дүниетанудан тәжірибелік жұмыстардың тапсырмаларын орындады.
Қорытындысында 21 оқушы жүлделі І,ІІ,ІІІ орын дипломдарымен марапатталды. Әр сынып бойынша І орын алған оқушылар облыстық олимпиадаға жолдама алды. Олар 2-сыныптан №4 мектеп оқушысы Б.Яхияев, 3-сыныптан №8 мектеп оқушысы Қ.Боранбай, 4-сыныптан Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 мектеп оқушысы А.Бекмаханбетов.
Облыстық олимпиадада аудан намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз.