Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген қағиданы ұстана отырып, ағымдағы жылдың 10 наурыз күні Мұнайлы ауданындағы, Басқұдық ауылында орналасқан №14 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балаларға арналған «Ең керемет күн» атты толағай спорттық сайыс өтті.


Аталған сайысқа Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Демократұлы, білім бөлімінің бас маманы А.Есберген, демеушілер, мектеп директоры, әлеуметтік педагогтар мен қорғаншылар мен қамқоршылар қатысты. Сайыстың мақсаты: балалар мен олардың қорғанышылар мен қамқоршыларына жайдарлы, қуанышты көңіл күй сыйлау, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, ептілікке, жылдамдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сайыс соңында үш топ Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің дипломымен марапатталып, мектеп және демеушілер тарапынан балаларға спорттық киім мен спорттық аяқ киім, қорғаншылар мен қамқоршыларға да сыйлықтар табысталды. Керемет тартысты сайыс болды. Алдағы уақытта жалғасын табады.

11.03.21 11.03.21 11.03.21 11.03.21 11.03.21