05.03.2021 ж. күні Қызылтөбе лицейінде «Мерген ару-2021» аудандық сайысы өтті. Сайысқа Қызылтөбе лицеці, №13 мектеп-гимназиясы және №№1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,14,15 жалпы білім беретін мектептерден 64 оқушы (қыздар) қатысты. Сайыс мақсаты: аудан мектептеріндегі оқушылардың (қыздар) арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді жандандыру, әскери спорт түрлерін насихаттау, қыз балаларды мылтық атып үйрену үйірмелеріне тарту, мерген спортшыларды анықтау, облыстық кезеңге іріктеу.
Бұл сайыста әрбір қатысушы оқушы 8 рет, оның ішінде 3 сынақ, 5 есептік ату орындады.
Сайыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте №3 жалпы білім беретін мектеп I орынды, №№2,6 жалпы білім беретін мектептер II орынды, №№7,10 жалпы білім беретін мектептер және №13 мектеп -гимназиясы III орынды және жекелей есепте - І дәрежелі дипломмен - №3 жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушысы Несіпбай Аружан және 10 «Б» сынып оқушысы Ұзақбаева Жансая, ІІ дәрежелі дипломмен - №7 жалпы білім беретін мектептің 10 «Б» сынып оқушысы Сағнаева Назерке және №13 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы Әндір Жансая, ІІІ дәрежелі дипломмен - №6 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Бекенова Асылай, №8 жалпы білім беретін мектептің 9 «А» сынып оқушысы Талғатова Диана, №12 жалпы білім беретін мектептің 11 «А» сынып оқушысы Елубаева Гүлжайна және №12 жалпы білім беретін мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы Қаржауова Гаухар иеленді.
Облыстық кезеңге жолдама алған №3 жалпы білім беретін мектеп командасына сәттілік тілейміз.