Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

11.03.2021 ж. күні  Жаңа Дәулет тұрғын массивінде орналасқан №4 жалпы білім беретін мектеп базасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2021» аудандық конкурсы өтті. Конкурсқа №13 мектеп-гимназиясы және №№1,3,4,5,6,8,9,10,12,14 жалпы білім беретін мектептерден 11 мұғалім қатысты. Конкурстың мақсаты: мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, ізденіспен жұмыс істейтін талантты мұғалімдерді анықтау, мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру, білім беру мен тәрбие беруде мамандар тәжірибесіндегі ерекше формалар мен әдістерді,  жаңа идеяларды іздеу, мұғалімдерді шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру.

Бұл конкурста әрбір қатысушы бес кезеңнен өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша №4 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұрат Нұрдәулет Жақсыбекұлы I орынды, №9 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мамутова Айнұр Сәбитқызы II орынды, №5 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қалдыбаев Бейбіт Бердібайұлы III орынды иеленіп арнайы аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Сонымен қатар «Ізденімпаз мұғалім» номинациясы бойынша                    №1 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дүзелбаева Гүлшат Амантайқызы, «Шапшаң мұғалім» номинациясы бойынша №3 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Акимов Ережеп Мехрибекұлы, «Жаңашыл мұғалім» номинациясы бойынша №6 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қашқанбаев Пердебек Жолдасұлы, «Шығармашыл мұғалім» номинациясы бойынша №8 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Иляманов Аскар Бердиалиевич, «Дене шынықтырудың заманауи сабағы» номинациясы бойынша №10 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Медетов Ғалымжан Кеңесұлы, «Белсенді спорт ұйымдастырушы» номинациясы бойынша №12 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Құралбаев Айберген Абайұлы, «Креактивті мұғалім» номинациясы бойынша №13 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Усманов Жанболат Джуматурлиевич, «Тапқыр мұғалім» номинациясы бойынша №14 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Кирбаев Комек Исенгалиевич сынды мұғалімдерде аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Облыстық кезеңге жолдама алған  №4 жалпы білім беретін мектепің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұрат Нұрдәулет Жақсыбекұлына сәттілік тілейміз.