Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі «Үздік педагог» конкурсының І кезеңін 2021 жылдың 27 мамыр күні қашықтықтан өткізді. Конкурсқа қатысуға 14 педагог ұсыным берді. Конкурсқа арнайы комиссия құрылды, оның құрамында аудандық білім бөлімі мамандары, облыстық, аудандық депутаттар, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы, республикалық республикалық «Үздік педагог-2020» атағының иегерлері, орталықтың әдіскерлері болды. Комиисия отырысының шешімімен және "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 23.04.2020ж. №157 бұйырығында көрсетілген талап бойынша 6 педагог «Үздік педагог» конкурсының ІІ кезеңіне ұсынылды, І кезең бойынша аудан деңгейінде «Үздік педагог» атанған мұғалімдерге сертификат 2021 жылдың тамыз айында өтетін педагогикалық кеңесте табысталады.
«Үздік педагог» конкурсының ІІ кезеңіне ұсынылған
педагогтарға сәттілік!
№3 жалпы білім беретін
мектебінің тарих пәні мұғалімі
ҚАМЫСБАЙ ҚҰРАЛАЙ НҰРТАЙҚЫЗЫ
№4 жалпы білім беретін
мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
КЕНЖЕБЕКОВА КАДИША ИЗДЕНОВНА
Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы
білім беретін мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
АЛДАБЕРГЕНОВА ЗАМИРА АРГИНГАЗИЕВНА
№6 жалпы білім беретін
мектебінің математика пәні мұғалімі
АКТИЛЕВОВ АБАЙ АМАНБЕРГЕНОВИЧ
№12 жалпы білім беретін
мектебінің тарих пәні мұғалімі
КОРЖУМБАЕВ АМАНГАЛИ НУРЫМОВИЧ
№9 «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері
ШАНГРЕЕВА АЙНУР ЖЕТЕСОВНА