Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

Мұнайлы ауданы бойынша  білім бөлімі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға жаңа орындарға 78 орынға конкурс жариялайды.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгі қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларына сәйкес жеке мектепке дейінгі ұйымдар қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары аудандық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

       Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

      1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

      2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар құжаттар жиналған білім бөлімі ММ-нің 2 кабинетіне тапсыруы тиіс. Жолданған пакеттерді ашу рәсімі білім бөлімі ММ-нің бұйрығымен құрылған конкурстық комиссиямен өткізіледі.