Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29323 болып тіркелді

Жарияланды : Қазан,  2022 жыл

Мұнайлы аудандық білім бөлімі қосымша білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға жаңа орындарға 461  орынға конкурс жариялайды.

1. Ғылыми-техникалық бағыт-155 орын

2. Туризм және өлкетану бағыты-56 орын

3. Экологиялық-биологиялық бағыт-65 орын

4. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт-185 орын  оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар;

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес;

Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, үлгілеріне, түрлеріне және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – ұйымдар) орналастырылады.

       Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

      - ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары);

      - туризм және өлкетану бағыты (тау туризмі; су туризмі; жорық; жартасқа өрмелеу; бағдарлау; үңгір туризмі; велоспорт туризмі; шаңғы туризмі; сауықтыру туризмі; экологиялық туризм; өлкетану; туристік лагерьлер; этнографиялық, ауылдық туризм; ғылыми туризм; тур гидтер, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану, мұражайтану, ат туризмі, жас тау құтқарушы, жол іздеуші-құтқарушы, археология);

      - экологиялық-биологиялық бағыт (экология; орнитология; балық аулау; гүл өсіру; флористика; зоология (флора, түр құрамы, рациондар); жануарларды зерттеу; энтомология; өсімдік шаруашылығы; бау-бақша шаруашылығы; мал шаруашылығы; аквапоника; көкөніс шаруашылығы; қоян шаруашылығы; иппотерапия; ветеринария медицина; геология; ландшафттану; қоршаған ортаны зерттеуші; өндірістік экология; STEM зертханасы (зерттеу биологиясы, химия); гидропоника; экожурналистика; фитопатология;

      - әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер; интеллектуалды ойындар клубы);

      Балаларға қосымша білім берге мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бала бір секцияға (үйірмеге) барады.

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу келесідегідей құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады:

      1) өтініш;

      2) Ұйым Жарғысының (ереженің, құрылтай шартының) болуы;

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалдау шартының болуы;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының болуы.

      5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы;

      6) олардың жалпы саны педагог қызметкерлердің жалпы санының кемінде

      10 пайызын құрайтын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшылардың, ғылыми қызметкерлердің, магистрлердің болуы;

      7) Ұйымның (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) жұмыс тәжірибесінің болуы (болған жағдайда) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

      8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу;

      9) Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;

      10) Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу);

       11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелген) (бұдан әрі – санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы бұйрық) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

      12) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін Конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынылғанға дейін кемінде бір ай бұрын берешектің жоқ (болуы) туралы мәліметтер.

      67. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Ережелерге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

      4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

      5) педагогикалық немесе арнаулы білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері;

      6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

      7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат.

      68. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы) және ҰБДҚ арқылы Комиссия мынадай мәліметтердің болуын және негізділігін тексереді:

       1) осы Ережелерге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу.

       2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;

      3) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды (сақтандыруларды) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын тіркеу;

      4) күндізгі ұзақтығы төрт сағат және одан көп балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы;

      5) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін Конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынылғанға дейін кемінде бір ай бұрын берешектің жоқ (болуы) туралы мәліметтер.

      69. Осы Ережелердің 67-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті органдар конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды білім басқармасы органдарының кеңсесіне электронды форматта жібереді.

      Құжаттарды электронды форматта ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды Ұйым білім басқармасы органдарының құжатпен қамтамасыз ету қызметіне қағаз форматта жібереді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар құжаттар жинақталып білім бөлімі ММ-не тапсыруы тиіс. Жолданған пакеттерді ашу рәсімі облыс әкімінің бұйрығымен құрылған конкурстық комиссиямен өткізіледі.