Балабақша ашу үшін жеке кәсіпкерлерге хабарландыру!
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік
, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру.
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар 14-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттар және осы Қағидалардың 15 және 18-тармақтарында көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін конкурс жариялайды. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды Білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 09.12-11.12.2024ж. сағат 9.00-18.00 аралығында құжаттар білім бөлімі ғимаратында қабылданады.