Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға - мемлекеттік мекеме басшысы қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:
1. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында орналасқан 19 орам,құрылыс 11/3. Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 «Балдырған» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына;
2. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында орналасқан, Бесшоқы тұрғын үй алабы,құрылыс 15/5.оқыМаңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№9 «Бәйтерек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына;
3. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет ауылдық округі, Даулет ауылында орналасқан, Жаңа Даулет тұрғын үй алабы,құрылыс 125/4.Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№10 «Ақбота» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына;
(А1-3). Лауазымдық жалақылары қызмет істеген жылдарына қарай 89 000 теңгеден 100 000 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалады.
Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды; үш тілді меңгеру (қазақ, орыс, ағылшын).
Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:
Жалпы орта білім беретін ұйымдары үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес,
жалпы орта ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы бойынша білім бөліміне тапсырылуы тиіс.
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
15) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда)
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Мемлекеттік орта білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру (бұдан әрі- Конкурстық орналастыру) бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
3) конкурсқа орналастыру қатысушылардың біліктілігін бағалау;
4) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;
6) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда);
7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Мекен-жайымыз: Мұнайлы ауданы, Даулет ауылдық округі, Даулет ауылы, №24 орам, ғимарат № 55. Анықтама алу үшін телефондар: 8(7292) 349805
Бөлім басшысы Б.Демократұлы