Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

 «Үздік педагог» конурсыны Іаудандық кезеңі 2022 жылдың  20 қыркүйек күні  өтеді

1. Конкурсқа келесі критерийлерге сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады: 

 - білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері; 

 - конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі бар педагог қызметкерлер.

2. Конкурс жеңімпазы келесі конкурсқа он жылдан кейін ғана қатыса алады.

  3. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

1) І кезең –аудандық  2022 жылдың 20 қыркүйек күні өткізіледі; электронды портфолио талдауына сәйкес конкурсқа қатысушылар анықталып, екінші кезеңге ұсынылады.

Конкурстың І кезеңінің қорытындысымен аудандық комиссия конкурстың II кезеңіне әрбір білім деңгейі бойынша  жеңімпаздарды ұсынады: 

– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,  жалпы  білім беру мектебі және қосымша білім педагогтары конкурстың аудандық кезеңіне қорытындысымен  II кезеңге жеңімпаздарды ұсынады.

   Конкурсқа қатысушылар  ҚР Оқу ағарту министрлігінің 09.08.2022ж. №355  «Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы бұйрығына мына сілтеме арқылы өтіп, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15H0010279 (сілтеме  CTRL арқылы ашылады)   жалпы ережелермен, «Үздік педагог» атағын беру тәртібімен, ережесімен, І кезеңді өткізу, апелляциялық комиссияның жұмыс тәртібімен, берілетін өтінім үлгісімен және құжаттарды дайындауда басшылыққа алатын қосымшалармен танысып, көрсетілген құжаттарды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасына 2022 жылдың 16 қыркүйегіне  дейін  электронды жіберу сұралады.

        Ұйымдастыру алқасына көрсетілген мекен-жайда орналасқан Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінен ақпараттар алуға болады.

        Орналасқан мекен-жайы: ҚР, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,  Дәулет ауылдық округі, Дәулет ауылы,  24 орам (ескі №4 орта мектеп), ғимарат-55

        Байланыс телефондары: Жұмыс телефон: 8 (7292) 34 98 03, 349805    Кадр жөніндегі білім бөлімінің сектор меңгерушісі: Ж.Кашкынбаева