Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

Құрылды 25  шілде 2023ж

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы

№ 381 бұйрығына сәйкес балаларға қосымша білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін 1115  орынға конкурс жариялайды.

р/с

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері

Білім алушылардың н/се тәрбиеленушілердің саны

Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

11

Ғылыми-техникалық бағыт

190

13168

22

Туризм және өлкетану бағыты

40

13168

33

Экологиялық-биологиялық бағыт

50

13168

44

Көркемдік -эстетикалық бағыт

100

13168

55

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт

205

13168

66

Гуманитарлық бағыт

200

13168

77

Жаратылыстану-математикалық бағыт

330

13168

оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар;

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес;

Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, үлгілеріне, түрлеріне және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – ұйымдар) орналастырылады.

5. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымша білім берудің мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

- ғылыми-техникалық бағыт

(робототехника-50 бала; компьютерлік графика-70 бала; бағдарламалау-10; компьютерлік дизайн-10; лего-құрастыру-50;)

- туризм және өлкетану бағыты (тарихи өлкетану-20 бала, мұражайтану-20 бала,)

- экологиялық-биологиялық бағыт (гүл өсіру-40 бала; қоршаған ортаны зерттеуші-10 бала;

 -көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика қыш бұйымдары ісі-10 бала; кесте тігу-30 бала; тоқыма тоқу-20 бала; тігу, зергерлік өнер-10 бала; ағаштан көркем кескіндеме-30 бала;)

-әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика-15 бала, пікірсайыс қозғалысы-70 бала; шешендік өнер-50 бала; интеллектуалды ойындар клубы-70 бала);

  - гуманитарлық бағыт (тіл курстары-200 бала);

  - жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар-330 бала).

6. Балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бала бір секцияға (үйірмеге) қатысады бос орындар болса немесе кезек болмаған жағдайда, қосымша басқа секцияға немесе үйірмеге қатыса алады

   66. Балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу оларда мынадан құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

 1) өтініш;

2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының);

3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;

4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар;

5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер;

6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы;

7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен);

8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;

9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама;

10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары;

11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер;

13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері;

14) ҚРҮ№ 305 Қ-на сәйкес бейне мұрағатты 30 (отыз) тәуліктен кем емес сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камералары.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

67. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар мына құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;

6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

68. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы), Ұйымның интернет-ресурсы және ҰБДҚ арқылы Комиссия мынадай мәліметтердің болуын және негізділігін тексереді:

1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу;

2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы тіркеу;

4) күндізгі ұзақтығы төрт сағат және одан көп балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы;

5) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер.

Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

69. Осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беруді басқару органдары балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы хабарландыру орналастырылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 25.07.-31.07.2023ж. сағат 10.55-18.00 https://zerek.edus.kz/ платформасы арқылы электрондық форматта қабылданады. 

Ұйымдар басшының қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды білім беруді басқару органдары  https://zerek.edus.kz/ платформасы арқылы электрондық форматта жібереді.   

Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.12.2022 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)бұйрығымен.

Комиссия білім беруді басқару органында құжаттарды тіркеу аяқталған күннен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған құжаттарды, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды.

Комиссия құжаттарды алдын ала зерделеу үшін жұмыс топтарын құрады.

 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның мүшелері қатарынан айқындаған жұмыс тобы ұсынылған құжаттардың осы Қағидалар талаптарына сәйкестігін айқындау үшін ұйымға баруды жүзеге асырады.

Комиссия хаттамасының негізінде білім беру органдары 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берген кездегі атауын, бос жұмыс орындарының санын және байланыс деректерін көрсете отырып, Ұйымдардың Тізімін қалыптастырады.