«Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын және Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.06.2023 жылғы №52-Ө «Конкурстық комиссия құру туралы» өкімін орындау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру конкурсының аудандық кезеңі өтетіндігін хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен Конкурсты өткізу қағидаларының 11- тармағыдағы өлшемдерге сәйкес (рейтингтік көрсеткіштер) тиісті құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады. Конкурстық құжаттар Білім бөліміне (Маңғыстау ауылы 14 квартал 9/2 ғимарат, мамандар кабинетіне) ағымдағы жылғы 19 сәуірге дейін тапсыру қажет.