Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

«Үздік педагог – 2021» аудандық конкурсын өткізу тәртібі
1. Конкурсқа келесі критерийлерге сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады: 
 - білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері; 

 - конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі бар педагог қызметкерлер.
2. Конкурс жеңімпазы келесі конкурсқа он жылдан кейін ғана қатыса алады.
3. Конкурстың аудандық кезеңін өткізу туралы хабарландыру конкурстың аудандық кезеңін өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Конкурсқа қатысушыларды бағалау үшін аудандық білім бөлімінің бұйрығымен бекітілген аудандық  комиссия құрылады.
5. Комиссия аудандық білім бөлімінің қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
Комиссия төрағасы, төраға орынбасары комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.
6. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) І кезең –аудандық 2021 жылдың 27-28 мамыр айында өткізіледі; электронды портфолио талдауына сәйкес конкурсқа қатысушылар анықталып, екінші кезеңге ұсынылады.
Конкурстың І кезеңінің қорытындысымен аудандық комиссия конкурстың II кезеңіне әрбір білім деңгейі бойынша  жеңімпаздарды ұсынады: 
– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,  жалпы  білім беру мектебі және қосымша білім педагогтары конкурстың аудандық кезеңіне қорытындысымен  II кезеңге жеңімпаздарды ұсынады.
Конкурсқа қатысушылардың сканерленген құжаттары салынған папка мен портфолиосы электронды форматта  2021 жылдың 25 мамырға дейін  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жіберілуі тиіс.
Папкада төмендегі сканерленген құжаттар болуы тиіс:
1. Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін жыл сайын білім бөліміне білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:
      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
    2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;
      3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
      6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;
      7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);
      8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.
      9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.
       2. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.

        3. Комиссияның аудандық  "Үздік педагог" атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

       4. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

      5. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

      6. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ауданның  білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Басшылыққа алынатын қосымшалар

 

Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша

 Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысуға арналған ӨТІНІМ

       Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
      Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:


1.

Жұмыс орны

2.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

3.

Туған күні, айы, жылы

4.

Лауазымы

5.

Педагогикалық өтілі

6.

Лауазымдығы жұмыс өтілі

7.

Білімі (қандай оқу орнын, факультеті, қай жылы бітірді

8.

Біліктілік санаты

9.

Индексі көрсетілген үйінің мекенжайы

10.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖСН)

11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы), электронды поштасы

12.

Марапаттау, көтермелеу

      Қосымша: конкурсқа қатысу құжаттары _____ парақ.
      Өтінімнің толтырылған күні_______________________________
      Конкурсқа қатысушының жеке қолы______________________
      Білім беру ұйымы басшысының қолы_______________

 

Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
2-қосымша

 Педагог портфолиосының құрылымы

      1. Педагог туралы жалпы мәлімет.
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), 3х4 көлеміндегі фотосурет міндетті түрде салынуы қажет
      Өтілі (еңбек және и педагогикалық).
      Білімі.
      Біліктілікті арттыру.
      Марапаттары (грамоталары, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, пікірлер мен ұсынымдар), біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары, оның ішінде қашықтықтан білім беру (білімін, курстан өтуін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері, құрмет грамоталарының, сертификаттардың сканерленген көшірмелері).
      2. Педагогтік қызметінің мониторингі
      соңғы бес жылдағы білім сапасының даму динамикасы және мониторингі;
      пән бойынша сыртттай бағалаудың қорытындысы туралы мәлімет;
      олимпиадаларға, кәсіби конкурстарға өзінің қатысуы туралы мәлімет;
      оқушыларының жетістігі, олимпиадалардың, пән бойынша жарыстардың (конкурстардың), жеңімпаздары, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы.
      3. Ғылыми-әдістемелік қызметі

      Педагог жұмыс істейтін педагогикалық бағыт бойынша барлық ақпарат:
      қолданылатын технологиялардың, оқыту әдістері мен тәсілдерінің сипаттамасы;
      педагог қатысқан семинарлар, конкурстар, "дөңгелек үстелдер", фестивальдер бойынша материалдар;
      зерттеу қызметі;
      авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлемелері, олар бойынша хаттамалардан үзінді (бар болған жағайда);
      білім беру және әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болған жағдайда);
      шығармашылық есептер, семинарлар, ашық сабақтар, тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялардағы баяндамалар туралы мәліметтер;
      бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
      тәжірибе алмасу бойынша жұмыс.
      4. Сабақтан тыс қызметі
      оқушылардың шығармашылық жұмыстары;
      оқушылардың, әріптестерінің, педагогтердің, әлеуметтік әріптестердің, ата-аналардың, қоғамның пікірлері;
      волонтерлік қызмет, қайырымдылық іс-шараларға қатысу.

 

Үздік педагог атағын беру
қағидаларына
3-қосымша

 "Үздік педагог" атағын беру конкурсының бейнеролигіне техникалық шарттар
      1. Техникалық шарттар:
      Конкурстың тақырыбына сай келетін бейнероликтер Конкурсқа ұсынылады.
      Бейненің форматы: DVD, MPEG, ең аз рұқсат-720x480 (12:8 см). Бейнероликтің ұзақтығы – 1 минут.
      Педагогтің есімі жазылған ақпараттық бейнемен ресімдеу.
      Бейнероликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – педагогтің қалауы бойынша.
      Бейнероликтің жанрын (сұхбат, репортаж, бейнеклип, мультфильм) қатысушылар өздері анықтайды.
      Бейнероликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, арнайы эффект, фондық музыка қолданылуы мүмкін. Конкурсқа басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімдерін қорлайтын, тақырыпқа сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.
      2. Бейнероликтің мазмұны ұсынылған тақырып бойынша қатысушының жеке қабылдауын, көзқарасы мен ойын көрсетеді.

 

"Үздік педагог" атағын беру
қағидаларына
4-қосымша

 "Үздік педагог" атағын беруге арналған конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары

Балдары

1-4

5-7

8-10

1. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі (соңғы 5 жылда) – 10 балл

1 балл – оқытудың инновациялық әдістерін білу, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеуді білу (соңғы бес жылда);
2 балл – оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу әдістемесін білу (соңғы бес жылда);
3 балл – білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану (соңғы бес жылда);
4 балл – оқытудың инновациялық әдістерінің элементтерін қолдану және оқыту, оқыту және тәрбиелеу практикасын зерттеу (соңғы бес жылда)

5 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім беру сапасын айқындау бойынша диагностикалық құралдардың болуы (соңғы бес жылда);
6 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу; білім сапасы мониторингінің болуы (соңғы бес жылда);
7 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, аудандық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда)

8 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, облыстық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда);
9 балл - оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, республикалық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда);
10 балл – оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, халықаралық деңгейде оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу бойынша тәжірибені тарату; білім беру сапасының динамикасы (соңғы бес жылда)

2. Педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі (соңғы 5 жылда) – 10 балл

1 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда);
2 балл – авторлық әдістемелік материалдарды, бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу; педагогтердің семинарларда, конференцияларда және т. б. сөз сөйлеуі (соңғы бес жылда);
3 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, облыстық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);
4 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, республикалық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);

5 балл – авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; педагогтердің мақалаларын психологиялық-педагогикалық басылымдарда, халықаралық деңгейдегі БАҚ-та жариялау (соңғы бес жылда);
6 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);
авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу (соңғы бес жылда);
аудандық деңгейде педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);
7 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);
авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік материалдар әзірлеу; облыстық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);

8 балл - білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;
аудандық немесе облыстық деңгейде аудандық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу (соңғы бес жылда);
- аудандық немесе облыстық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);
9 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру (соңғы бес жылда);
облыстық немесе республикалық деңгейде облыстық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; облыстық немесе республикалық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);
10 балл – білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;
республикалық немесе халықаралық деңгейде республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу; республикалық немесе халықаралық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту (семинарлар, тренингтер, мастер-кластар) (соңғы бес жылда);

3. Педагог қызметінің нәтижелілігі (соңғы бес жылда) – 10 балл

1 балл – ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (соңғы бес жылда);
2 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі (соңғы бес жылда);
3 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);
4 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);

5 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы (соңғы бес жылда);
6 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға қатысуы (соңғы бес жылда);
7 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысуы (соңғы бес жылда);

8 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің облыстық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; облыстық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);
9 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің республикалық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; республикалық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);
10 балл – оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының мониторингі; оқушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық деңгейдегі олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері; халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, халықаралық деңгейдегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысу (соңғы бес жылда);

4. Педагогтің кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау - 10 балл

1 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қауымдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың пікірлері)
2 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің пікірлері)
3 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, педагогикалық қоғам өкілдерінің пікірлері)
4 балл – педагогтерді білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері)

5 балл – педагогтерді ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері)
6 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар; қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы));
7 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, облыстық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік)

8 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, облыстық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының және басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық)
9 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, республикалық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлт, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу)
10 балл – педагогтерді Үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестердің, басқа да қоғамдастықтар өкілдерінің, оқушылардың мойындауы (әкімшіліктің, әріптестердің, оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік әріптестердің, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғам өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, халықаралық деңгейдегі дипломдар); қоғамдастыққа ықпал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында мойындалуы, қайырымдылық ұйымдарындағы мүшелік); оқушылар мен тәрбиеленушілерге әртүрлі ұлттар, мәдениет және дін адамдарымен өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін құнды білім беруді дамыту (басқа елдердің білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бойынша бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу)

Ұйымдастыру алқасына көрсетліген мекен-жайда орналасқан Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінен ақпараттар алуға болады.
        Орналасқан мекен-жайы: ҚР, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,  Дәулет ауылдық округі, Дәулет ауылы,  24 орам (ескі №4 орта мектеп), ғимарат-55
        Байланыс телефондары: Жұмыс телефон: 8 (7292) 34 98 03, 379805
Кадр жөніндегі білім бөлімінің сектор меңгерушісі: Ж.Кашкынбаева