Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде облыстық психологиялық кеңестің жоспарына сәйкес, "Мұнайлы ауданы бойынша психологиялық қызметтің тиімді әдіс тәсілдері" тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аудандық кеңес төрағасы №7 жалпы білім беру мектебінің педагог-психологы Қартбаева Гүлжамал аудан бойынша әр бір педагог-психлологтың іс - тәжірибесімен бөлісті. Іс тәжірибе бөлісу барысында "Кеше, бүгін, ертең" деген қағиданы ұстанып, психодиагностикалық , ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық, консультациялық бағыттарда жасалған жоба, байқаулар туралы айтылды. Облыстық аудан психологтарынан сауалдар түсіп, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Мұнайлы ауданы бойынша психологиялық қызметтің тиімді әдіс-тәсілдері