Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Даулет а., КВАРТАЛ 24, 55
+7 (7292) 34-98-04

Мектепке дейінгі ұйымдарға 2023 жылға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өткен комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

 Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы  27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы           хабарландыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29323 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29323 болып тіркелді

Жарияланды : Қазан,  2022 жыл

Аудандық «Үздік педагог–2022» байқауының конкурстық комиссиясы 2022 жылдың 27-30 қыркүйек  күндері конкурсқа қатысуға өтініш білдіргендердің құжаттарын қарады.  Биылғы байқаудың ерекшелігі – қатысушы ұстаздар электронды түрде өтінім берді.  Байқаудың аудандық кезеңіне қатысуға өтініш білдіргендер мұғалімдер саны 16, оның ішінде құжаттарын толық жүктеп, сауалнамасы аяқталған 4 педагог. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескерілді. Қорытындыға сәйкес, «Үздік педагог» байқауының іріктеу кезеңінде 4 ұстаз үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолдама алды.  Олар Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алдабергенова Замира Аргингазиевна, №6 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Актилевов Абай Аманбергенович,  №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мухамедова Гүлнар Кадырбаевна, №4 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Кенжебекова Хадиша Изденовна. Ауданның 2022 жылғы Үздік педагогтарына жеңістеріңіз құтты болсын, ағартушылық қызметте мерейлеріңіз арта берсін дей келе, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.

 «Үздік педагог» конурсыны Іаудандық кезеңі 2022 жылдың  20 қыркүйек күні  өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мемлекеттік орта, техникалық  және  кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес, бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымға- мемлекеттік мекеме басшысы қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос мемлекеттік  әкімшілік лауазымға - мемлекеттік мекеме басшысы қызметіне орналасуға конкурс жариялайды: