Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидалараның талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы ХАТТАМА
Үздік ұйым конкурс
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығы негізінде грантты тағайындау үшін «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсына құжаттарды қабылдау туралы Мұнайлы ауданы бойынша білім беру бөлімі ауданның жалпы орта білім беру мектептерінің арасында конкурстың І кезеңі (аудандық) басталғанын хабарлайды.
Конкурстың аудандық кезеңіне қатысу үшін өтінімдер 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады, конкурстық материалдарды ұсыну – 17 сәуірге дейін, конкурстың аудандық туры (конкурстық материалдарды қарастыру) - 2023 жылғы 19-24 сәуір.
«Үздік педагог -2021» конкурсының І кезеңі
Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімі «Үздік педагог» конкурсының І кезеңін 2021 жылдың 27 мамыр күні қашықтықтан өткізді. Конкурсқа қатысуға 14 педагог ұсыным берді. Конкурсқа арнайы комиссия құрылды, оның құрамында аудандық білім бөлімі мамандары, облыстық, аудандық депутаттар, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы, республикалық республикалық «Үздік педагог-2020» атағының иегерлері, орталықтың әдіскерлері болды. Комиисия отырысының шешімімен және "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 23.04.2020ж. №157 бұйырығында көрсетілген талап бойынша 6 педагог «Үздік педагог» конкурсының ІІ кезеңіне ұсынылды, І кезең бойынша аудан деңгейінде «Үздік педагог» атанған мұғалімдерге сертификат 2021 жылдың тамыз айында өтетін педагогикалық кеңесте табысталады.
"Үздік сынып жетекші-2021"
№9 мектепте Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің 2021 жылғы іс шаралар жоспары негізінде, педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдау, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және жариялау, сынып жетекші мәртебесін көтеру мақсатында "Үздік сынып жетекші-2021" аудандық байқауының өтті.
"Үздік биолог - 2021"

29.03.2021ж.күні №6 мектепте аудан бойынша білім бөлімінің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары негізінде, озық тәжірибелі шығармашылықпен жұмыс жасайтын биология пәні мұғалімдерінің имиджін көтеру, педагог кәсібінің беделін арттыру, оқушылардың қабілеттерін дамытуда жоғары нәтиже көрсететін белсенді мұғалімдерді анықтау мақсатында "Үздік биолог - 2021" байкауы өтті. Байқауға білім беру ұйымдарынан барлығы 28 мұғалім қатысты. Жүлделі орын алған пән мұғалімдері дипломдармен марапатталды.
Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы

19.03.2021ж. күні N13 мектеп гимназиясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасына орай және білім беру ұйымдарында бала тәрбиесін ұлттық сипатта қалыптастыру, ұмытыла бастаған бұрынғы әдет-ғұрып, салт-дәстүрді көрсете отырып, өскелең ұрпақ бойына ұлттық сезім, ұлттық намыс, ұлттық рухты дарыту, ұлттық құндылықтаоды шынайы өмірде қолдану мақсатында " Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы" атты жоба, эстафеталық семинар өтті.
«Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2021»
11.03.2021 ж. күні Жаңа Дәулет тұрғын массивінде орналасқан №4 жалпы білім беретін мектеп базасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2021» аудандық конкурсы өтті. Конкурсқа №13 мектеп-гимназиясы және №№1,3,4,5,6,8,9,10,12,14 жалпы білім беретін мектептерден 11 мұғалім қатысты. Конкурстың мақсаты: мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, ізденіспен жұмыс істейтін талантты мұғалімдерді анықтау, мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру, білім беру мен тәрбие беруде мамандар тәжірибесіндегі ерекше формалар мен әдістерді, жаңа идеяларды іздеу, мұғалімдерді шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру.
«Мерген ару-2021»
05.03.2021 ж. күні Қызылтөбе лицейінде «Мерген ару-2021» аудандық сайысы өтті. Сайысқа Қызылтөбе лицеці, №13 мектеп-гимназиясы және №№1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,14,15 жалпы білім беретін мектептерден 64 оқушы (қыздар) қатысты. Сайыс мақсаты: аудан мектептеріндегі оқушылардың (қыздар) арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді жандандыру, әскери спорт түрлерін насихаттау, қыз балаларды мылтық атып үйрену үйірмелеріне тарту, мерген спортшыларды анықтау, облыстық кезеңге іріктеу.
«Ең керемет күн» атты толағай спорттық сайыс өтті.

«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген қағиданы ұстана отырып, ағымдағы жылдың 10 наурыз күні Мұнайлы ауданындағы, Басқұдық ауылында орналасқан №14 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балаларға арналған «Ең керемет күн» атты толағай спорттық сайыс өтті.
2 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына